jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Гүлмира Ерубаева
Контент-ресечер

Қазақстанда ауыр жүк көліктеріне бақылау күшейтілді

Жолдағы жүк көліктері
Жолдағы жүк көліктері. Видеодан кадр: Көлік министрлігі

Көлік министрлігі Қазақстанның негізгі көлік бағыттарында жүк тасымалына бақылау күшейтілгенін мәлімдеді, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

"Мемлекет басшысының Қазақстан халқына жолдауында автомобиль жолдарының сапасын арттыру және елдің транзиттік әлеуетін нығайту жөнінде берген тапсырмаларын іске асыру аясында Көлік министрлігі ірі көлемді және ауыр салмақты автокөлік құралдарының қозғалысына бақылауды күшейтті", - делінген хабарламада.

Бақылау іс-шаралары мынадай негізгі көлік дәліздері мен автожолдарда жүргізіліп жатыр:

  • "Батыс Еуропа – Батыс Қытай";
  • "Астана – Петропавл";
  • "Омбы – Павлодар – Семей – Майқапшағай";
  • "Қызылорда – Жезқазған".

"Рұқсат етілген салмақ параметрлерінен асып түсетін жүк тасымалының жолын кесуге ерекше назар аударылады. Өйткені көлік құралдарының шамадан тыс жүктелуі жол төсемінің бұзылуын жеделдетіп, жол қозғалысына қатысушылардың қауіпсіздігіне қатер төндіреді", - делінген хабарламада.

Сонымен қатар министрлік Құрылтай депутаттарымен бірлесіп, рұқсат етілген салмақ параметрлерінен асып кеткені үшін жауапкершілікті күшейту және ауыр салмақты автокөлік құралдарын бақылау тетіктерін жетілдіру бойынша заңнамалық шараларды қарастырып жатыр.

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram