jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Гүлмира Ерубаева
Контент-ресечер

Астанаға Австралиядан ерекше жүк тиелген ұшақ қонды

Қойлар тиелген ұшақ
Қойлар тиелген ұшақ. Фото: t.me/nqzairport

Қазақстанда асылтұқымды мал басы көбейтіліп жатыр: Астанаға австралиялық дорпер қойларының алғашқы легі жеткізілді, деп хабарлайды елордалық әуежайдың баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Астана халықаралық әуежайы 30 қазанда Австралиядан дорпер тұқымды 1 100 бас қой әкелген жүк ұшағын қабылдады.

"Жануарлар Астана халықаралық әуежайына Qatar Airways Cargo әуе компаниясының Boeing 777F кең фюзеляжды жүк ұшағымен жеткізілді. Аталған әуе кемесі алыс қашықтықтарға ұшуға арналған және тірі жануарларды қоса алғанда, ірі көлемдегі жүктерді олардың қауіпсіздігі мен күтіп-ұстау жағдайларына қойылатын қажетті талаптарды сақтай отырып тасымалдауға мүмкіндік береді", - делінген хабарламада.

Бұл ауқымды жеткізілім жеңілдетілген несиелеу бағдарламасы аясында қазақстандық кәсіпорындардың бірі үшін жүзеге асырылғаны және Қазақстанда мал шаруашылығын дамытуға бағытталғаны атап өтілді.

"Алғашқы партияның жеткізілуі кәсіпорынның жалпы саны 4 мың бас ұсақ мал сатып алуын көздейтін жобасының басталғанын білдіреді. Бүгін жеткізілген мал саны – жоспарланған көлемнің төрттен бірінен астамы", - делінген хабарламада.

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram