jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Гүлмира Ерубаева
Контент-ресечер

Алматыда көшенің бір бөлігі жабылады

Жол жөндеу
Жол жөндеу. Көрнекі сурет: NUR.KZ / Владимир Третьяков

Жол жөндеу жұмыстарына байланысты Алматы жүргізушілеріне бағыттарын алдын ала жоспарлауға тура келеді. Көшелердің бірінде көлік қозғалысына шектеу қойылады, деп хабарлайды әкімдікке сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Алматыда Первомайская нефтебаза көшесінің бір бөлігінде орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуіне байланысты көлік қозғалысы уақытша шектеледі.

"1 қараша сағат 05:00-ден 2 қараша сағат 08:00-ге дейін Солтүстік айналма тас жолынан Royal Petrol жанармай құю станциясына дейінгі аралықта көлік қозғалысы тоқтатылады.

Жөндеу жүргізілетін учаскеде ескерту белгілері қойылады. Жүргізушілерден бағытын алдын ала жоспарлауды сұраймыз", - делінген хабарламада.

Жабылатын жол схемасы
Жабылатын жол схемасы. Фото: Алматы әкімдігі

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram