jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айтолқын Адырбай
Қазақ редакциясының шеф-редакторы

ШҚО-дағы республикалық тасжолда жүк көліктерінің қозғалысы уақытша тоқтатылады

жол
Жол. Көрнекі фото: Varuth Pongsapipatt/SOPA Images/LightRocket via Getty Images

ШҚО-да ауа райының қолайсыз болуына байланысты республикалық маңызы бар жолдардың бірі жабылады. Бұл туралы "ҚазАвтоЖол" хабарлады.

Шығыс Қазақстан облысында ауа райының қолайсыздығына байланысты 30 қазан сағат 21:00-ден бастап Өскемен – Алтай – Үлкен Нарын – Катонқарағай – Рахман қайнары автожолының 7–166 шақырымында тіркемесі және жартылай тіркемесі бар жүк көліктерінің қозғалысына шектеу қойылады.

"Бүгін сағат 21:00–де ауа райының бұзылуына байланысты республикалық маңызы бар "Өскемен — Алтай — Үлкен Нарын — Катонқарағай — Рахман қайнары" автожолының 7 — 166 шақырым аралығында (Ушановское ауылы — Алтай қаласы) тіркемесі және жартылай тіркемесі бар жүк көлік түрлерінің қозғалысына шектеу енгізіледі.

Жолды 2026 жылы 31 қазан сағат 08:00–де ашу жоспарланған", - делінген хабарламада.

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram