jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
18+
Жұлдыз Кенжегалиева
Қазақ редакциясының басшысы

Көкшетауда тағы бір сот қызметкерінің жансыз денесі табылды

Сот балғасы
Сот балғасы. Нейрожелі арқылы жасалған көрнекі сурет: NUR.KZ / Жұлдыз Кенжеғалиева

Желіде Көкшетауда Ақмола облыстық сотының ішкі қауіпсіздік бөлімі қызметкерінің жансыз денесі табылды деген ақпарат тарады. Полиция тергеуді бастады, деп хабарлады KAZ.NUR.KZ.

Бұл жарияланымда өзіне қол салу жағдайы туралы ақпарат бар. Егер сізге не жақыныңызға күйзеліске түсуге байланысты көмек қажет болса, Қазақстанның түрлі қалаларында іске қосылған сенім телефондарына хабарласа аласыз (телефондар тізімі осында).

Желіде аталып өткендей, қызметкердің жансыз денесі тұрғын үйдің жертөлесінен табылды.

Ақмола облыстық полиция департаменті өкілдері KAZ.NUR.KZ тілшісіне суицид фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.

"Қазіргі уақытта тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр. Оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда", - деп атап өтті ведомствоның баспасөз қызметі өкілдері.

Еске салайық, бұған дейін қыркүйекте Көкшетау қалалық соты әкімшілігінің 27 жастағы басшысы қайтыс болған еді.

Марқұмның отбасы оған жұмыс орнында үнемі моральдық және психологиялық қысым көрсетілгенін мәлімдеді.

Алайда Қазақстан Сот әкімшілігінің Ақмола облысы бойынша департаменті бұл айыптауларды жоққа шығарды.

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram