Дүйсенбіде еліміздің мегаполистерінде күн 21 градусқа дейін жылы болады
Жарияланған күні:

Астана, Алматы мен Шымкентте 2 қарашада ауа райы қандай болады? Ауа райы болжамын OpenWeather порталы жария етті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Бүгін Алматыда күн ала бұлтты болады. Күндіз ауа температурасы 17 градусқа дейін көтеріліп, түнде 2 градусқа дейін түседі. Желдің жылдамдығы 3,1 м/с болмақ.
Астанада, синоптиктердің болжамынша, күн ала бұлтты болады. Күндіз ауа температурасы 8 градусқа дейін жетіп, түнде 3 градусқа дейін төмендейді. Желдің жылдамдығы – 5,7 м/с болады.
Шымкентте бүгін күн ашық болады деп күтілуде. Күндіз термометр бағаны 21 градусқа дейін жетіп, түнде 7 градусқа дейін түседі. Желдің жылдамдығы 4,4 м/с деңгейінде болмақ.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/society/2450499-duisenbide-elimizding-megapolisterinde-kun-21-gradusqa-deiin-zhylynady/