Қазақстанда қанша адам тұрады: жаңа статистика жарияланды
Жарияланған күні:
Читать на русском
Ұлттық статистика бюросы 2026 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша Қазақстан халқының саны туралы жаңа мәліметтерді ұсынды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
2026 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша Қазақстандағы халық саны – 20 633 529 адам.
Қазақстандықтардың басым бөлігі қалада тұрады. Қала тұрғындарының саны – 13 254 158 адам, ал ауылда 7 379 371 адам тұрып жатыр.
Елде 10 546 112 әйел және 10 087 417 ер адам бар. Әйелдердің саны ерлерден 458 695 адамға көп.
Бұған дейін Ұлттық статистика бюросының дерегіне сүйеніп, 2026 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша Қазақстанда 20 618 796 адам тұратынын жазған едік.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/society/2450808-qazaqstanda-qansha-adam-turady-zhanga-statistika-zhariialandy/