Қазақстанда телевизия мен радио арқылы хабар тарату уақытша тоқтатылады
Жарияланған күні:
Читать на русском
"Қазтелерадио" АҚ қазақстандықтарға жоспарлы профилактикалық жұмыстар жүргізілетінін ескертті – 4 қарашада телерадио хабарларын тарату уақытша тоқтатылады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Компанияның мәліметінше, ертең, 4 қарашада сағат 03:00-ден 17:00-ге дейін бүкіл ел бойынша спутниктік, цифрлық эфирлік және аналогтық телевизия мен радиохабар тарату желілеріндегі телеарналар мен радиостанциялардың хабар таратуы уақытша тоқтатылады.
"Бұл жұмыстар алдағы уақытта хабар таратудың тұрақтылығы мен сапасын қамтамасыз ету үшін қажет.
Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз!" - деп түсіндірді "Қазтелерадио" өкілдері.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/society/2451221-qazaqstanda-televiziia-men-radio-arqyly-habar-taratu-uaqytsha-toqtatylady/