Air Astana Алматы әуежайындағы тіркеуге байланысты жолаушыларға үндеу жасады
Жарияланған күні:
Читать на русском
Air Astana жолаушыларға Алматы әуежайының №1 терминалында ішкі рейстерге тіркеу қайта басталатынын мәлімдеді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
2026 жылғы 6 қарашада сағат 04:00-ден бастап Air Astana-ның Алматыдан ұшатын ішкі рейстеріне жолаушыларды тіркеу қайтадан Алматы халықаралық әуежайының Т-1 терминалында жүргізіледі.
"Ауқымды жаңғырту жұмыстарынан кейін Т-1 терминалында жолаушыларға қайта қызмет көрсете бастағанымызға қуаныштымыз. Заманауи инфрақұрылым, жетілдірілген қызметтер мен түсінікті навигация жолаушыларға қолайлы жағдай жасап, ұшу алдындағы рәсімдерден жылдам өтуге мүмкіндік береді", - деді Air Astana-ның жерүсті қызмет көрсету жөніндегі вице-президенті Александр Небога.
Әуекомпанияның мәліметінше, ұшу алдындағы рәсімдерден жылдам өту үшін әуежайда жолаушылар мен отырғызу құжаттарын тексеретін бес автоматтандырылған бекет жұмыс істеп тұр.
Осылайша, 6 қарашадан бастап Air Astana-ның ішкі рейстеріне тіркеу Т-1 терминалында, ал халықаралық рейстерге Т-2 терминалында өтеді.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/society/2451245-air-astana-almaty-auezhaiyndagy-tirkeuge-bailanysty-zholaushylarga-undeu-zhasady/