jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз

Президент Жолдауы: Атырауда ақпараттық-түсіндіру кездесулері басталды

Атырау облысының әкімдігі
Фото: Атырау облысының әкімдігі

Мемлекет басшысының Қазақстан халқына арнаған Жолдауын түсіндіруге бағытталған ақпараттық-түсіндіру кездесулері Атырау облысында басталды. Осы мақсатта құрылған топ мүшелері өңірдегі түрлі мекеме мен ұйымдардың ұжымдарымен жүздесіп, Жолдауда белгіленген басым бағыттарды талқылап жатыр, деп хабарлайды облыс әкімдігі.

Бүгін Халел Досмұхамедұлы атындағы Атырау университетінде жоғары оқу орнының профессор-оқытушылар құрамы және студенттерімен кездесу өтуде.

Атырау облысының әкімдігі
Фото: Атырау облысының әкімдігі

Басқосуға Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттары Арман Хайруллин мен Мұса Хайруллиев, Қазақстан Халық Кеңесінің мүшесі Назарбек Қосшиев, Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Атырау облысы бойынша департаментінің басшы орынбасары Айгерим Бекқалиева, Ұлттық экономика вице-министрі Ерлан Сағынаев және Энергетика вице-министрі Ерлан Ақбаров, Экология және табиғи ресурстар министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитеті төрағасының орынбасары Әлібек Бекмұхамбетов қатысуда.

Атырау облысының әкімдігі
Фото: Атырау облысының әкімдігі

Кездесу барысында мемлекет басшысының Жолдауында айқындалған ел дамуының стратегиялық бағыттары, экономиканы жаңғырту, энергетика саласын дамыту, еңбек нарығын жетілдіру, әлеуметтік саясат, экологиялық мәселелер мен адами капиталды нығайту бағытындағы міндеттер сөз болуда.

Атырау облысының әкімдігі
Фото: Атырау облысының әкімдігі

Әсіресе, жоғары оқу орнының оқытушылары мен студенттері үшін білім мен ғылымның ел дамуындағы орны, жастардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру, заманауи технологияларды меңгеру және еңбек нарығының жаңа талаптарына бейімделу мәселелері талқылануда. Осы орайда спикерлер Жолдауда белгіленген міндеттердің салалар бойынша жүзеге асу бағыттарына тоқталып, өзекті мәселелерге қатысты түсінік беруде.

Атырау облысының әкімдігі
Фото: Атырау облысының әкімдігі

Жиын ашық пікір алмасу форматында өтіп, қатысушылар өздерін толғандырған сауалдарын қойып, ұсыныстарын білдіруде.

Ақпараттық-түсіндіру кездесулерінің негізгі мақсаты – мемлекет басшысы айқындаған міндеттерді қоғамға кеңінен түсіндіру, түрлі сала өкілдерімен пікір алмасу және ел дамуына қатысты бастамаларды ортақ талқылау.

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram