jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Гүлмира Ерубаева
Контент-ресечер

Астанада екінші әуежай салынады: Жұманғарин құрылыс басталатын мерзімді атады

Әуежай
Әуежай. Иллюстрациялық фоо: Oscar Wong/Getty Images

Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин үкімет отырысында Қазақстан қалаларының инфрақұрылымы қалай дамитынын айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Серік Жұманғарин 2027 жыл Жалпыхалықтық ауқымды құрылыс жылы болып жарияланғанын еске салды. Оның айтуынша, негізгі әлеуметтік және инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыруға Ұлттық қордан шамамен 6,5 трлн теңге бөлінеді.

"Жұмыстар сапасын бақылау қамтамасыз етіледі. Сондай-ақ ТКШ-ні жаңғырту, тұрғын үй құрылысын жалғастыру, елді мекендерді ауыз сумен және газбен қамтамасыз ету көзделген", - деді Серік Жұманғарин.

Сонымен қатар көлік инфрақұрылымын кеңейту көзделген. Оның айтуынша, 2027 жылғы мамырда Зайсан, Қатонқарағай және Кендірліде жаңа әуежайлар пайдалануға берілмек. Тағы бір жоба – Астанада жаңа әуежай салу. Жұмысты келесі жылдың маусым айында бастау жоспарланып отыр.

"2027 жылдың соңына дейін "Бақты – Аягөз" теміржол желісінің құрылысын аяқтау жоспарланған. Автомобиль көлігі саласында заманауи жол бойы инфрақұрылымын дамыта отырып, "Арал – Каспий" және "Көкшетау – Петропавл" трассаларын қоса алғанда, республикалық және жергілікті маңызы бар жолдарды салу және реконструкциялау жалғасады.

Ал қорытынды кезеңде барлық автомобиль өткізу пункттерін толық жаңғыртып, интеллектуалды көлік жүйесін енгізу арқылы жүк тасымалын электрондық құжаттарға көшіру көзделген", - деді ол.

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram