Шетелге шығатын қазақстандықтарды есепке алу: іс-шаралар жоспарының мән-жайы белгілі болды
Жарияланған күні:
Читать на русском
Премьер-министр Олжас Бектенов адам саудасына қарсы күрес жөніндегі іс-шаралар жоспары туралы үкімет қаулысына қол қойды, оның аясында шетелге шығатын қазақстандықтарды есепке алу көзделген, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
28 қазанда премьер-министр Олжас Бектенов "Адам саудасына байланысты қылмыстардың профилактикасы, алдын алу және оларға қарсы күрес жөніндегі 2027 – 2029 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын бекіту туралы" үкімет қаулысына қол қойды.
Құжаттың толық мәтіні "Әділет" ұлттық цифрлық құқықтық жүйесінде жарияланды.
Жоспарда еңбек қызметін жүзеге асыру үшін шетелге шығатын Қазақстан азаматтарын есепке алу және мониторинг жасау тетігін енгізу қарастырылған.
Есепке алу мен мониторинг еңбекті қанау мен адам саудасының алдын алу мақсатында енгізілетіні нақтыланады. Жоспардың бұл тармағын іске асыру 2027 жылдың екінші тоқсанына жоспарланған.
Сонымен қатар жоспарға сәйкес, Қазақстанда шетел азаматтары мен Қазақстан аумағында жүрген еңбек иммигранттарының құқықтарын қорғау жөніндегі жұмысты күшейту көзделіп отыр. Оларға заң және әлеуметтік көмек алу мүмкіндігін қамтамасыз ету, құқықтары мен қорғау тетіктері туралы ақпарат беру жоспарланған.
Сондай-ақ адам саудасының алдын алу мақсатында еңбек және тұрмыс жағдайына мониторинг жүргізу көзделген.
Бұдан бөлек үкімет жұмыспен қамтумен айналысатын жекеменшік агенттіктер мен жұмысқа орналастыру мәселелері жөніндегі делдалдардың қызметіне, оның ішінде тексеру іс-шараларын жүргізу арқылы мониторинг енгізбек.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/society/2451315-shetelge-shygatyn-qazaqstandyqtardy-esepke-alu-is-sharalar-zhosparynyng-man-zhaiy-belgili-boldy/