jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз

Атырауда жастар, ҮЕҰ және этномәдени бірлестік өкілдері президент жолдауын талқылады

Атырау облысының әкімдігі
Фото: Атырау облысының әкімдігі

"Атырау-Ақпарат" ЖШС медиахолдингінде Қазақстан Республикасы президентінің Қазақстан халқына жолдауында белгіленген негізгі міндеттерді түсіндіруге арналған кездесу өтті.

Жиынға жастар, үкіметтік емес ұйымдар мен этномәдени бірлестіктердің өкілдері, сондай-ақ ақпараттық-талдау тобының мүшелері қатысты.

Атырау облысының әкімдігі
Фото: Атырау облысының әкімдігі

Кездесу барысында мемлекет басшысының жолдауында айқындалған елдің әлеуметтік-экономикалық дамуы, халықты әлеуметтік қорғау, ұлттық экономика, энергетика және экология салаларындағы басым бағыттар талқыланды.

Атырау облысының әкімдігі
Фото: Атырау облысының әкімдігі

Ақпараттық-талдау тобының мүшелері жолдауда белгіленген міндеттер мен алдағы жоспарларға қатысты түсіндірме беріп, қатысушылардың сауалдарына жауап берді. Сонымен қатар жиын барысында өзекті мәселелер көтеріліп, ұсыныстар айтылды.

Атырау облысының әкімдігі
Фото: Атырау облысының әкімдігі

Кездесуге Құрылтай депутаттары Арман Хайруллин мен Мұса Хайруллиев, Қазақстан Халық Кеңесінің мүшесі Назарбек Қосшиев, Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Атырау облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары Айгерим Бекқалиева, Ұлттық экономика вице-министрі Ерлан Сағынаев, Энергетика вице-министрі Ерлан Ақбаров, сондай-ақ Экология және табиғи ресурстар министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитеті төрағасының орынбасары Әлібек Бекмұхамбетов қатысты.

Атырау облысының әкімдігі
Фото: Атырау облысының әкімдігі

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram