jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Эльмира Асқарқызы
Аға журналист

Елімізде ветеринарлардың жалақысы артуы мүмкін: Құрылтайда заң жобасы мақұлданды

мал дәрігері
Ветеринар. Көрнекі фото: pexels.com

Құрылтай депутаттары ветеринария мәселелері бойынша заңнамаға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады. Заң жобасында ветеринария мамандарына бірқатар әлеуметтік қолдау көрсету көзделген, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Құрылтайдың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Құрылтайдың баспасөз қызметінің мәліметінше, елімізде ветеринарларға әлеуметтік қолдау көрсетіліп, ауылдағы мамандардың жалақысы артады.

Депутаттардың бастамасымен әзірленген құжат ветеринария саласын кешенді түрде жаңартуға бағытталған.

Заң жобасында ветеринария мамандарына бірқатар әлеуметтік қолдау көрсету көзделген.

Атап айтқанда:

  • жыл сайын ақылы еңбек демалысын беру және емдеу-сауықтыруға арналған жәрдемақыны кемінде екі лауазымдық жалақы мөлшерінде төлеу;
  • негізгі жұмыс орны бойынша ветеринария саласындағы ғылыми дәрежесі бар мамандарға ай сайын қосымша ақы төлеу.
  • атап айтқанда ғылым кандидаттарына – 17 АЕК, ал ғылым докторларына 34 АЕК көлемінде үстемеақы беріледі.

Сонымен қатар ветеринария саласында ветеринариялық палата түріндегі қоғамдық ұйым құрылады. Ол ветеринар дәрігерлердің құқықтары мен кәсіби мүдделерін қорғайды, олардың есебін жүргізеді және біліктілігін арттыруға ықпал етеді.

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram