jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Гүлмира Ерубаева
Контент-ресечер

Астанада Қайрат Боранбаевтың бұрынғы фитнес-орталығы 2,3 млрд теңгеге сатылды

Қайрат Боранбаевқа тиесілі болған фитнес-орталық
Қайрат Боранбаевқа тиесілі болған фитнес-орталық. Фото: sauda.e-qazyna.kz

Астанада кәсіпкер Қайрат Боранбаев бұрын мемлекет меншігіне берген Fitnation спорттық-сауықтыру кешені сауда-саттықта сатылды. Сатылым бағасы – 2,3 млрд теңге, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Сауда-саттық 3 қарашада сағат 10:00-де өтіп, қазіргі уақытта "өткізілді" деп танылды. Электрондық сауда алаңындағы мәліметтерге сәйкес, спорттық-сауықтыру кешені жалпы ауданы 4 043,4 шаршы метр болатын жапсарлас құрылыстары бар ғимаратты және 500-ден астам мүлік түрін қамтиды.

Кешен Астана әкімдігінің "Дәулет" МКҚК теңгерімінде болған, ал сатушы – "Астана қаласының Активтер және мемлекеттік сатып алу басқармасы".

Айта кетейік, лоттың бастапқы бағасы 2 млрд теңгеден сәл ғана асқан болатын. Ал биыл қазанда кешенді 2,9 млрд теңгеге сатуға тырысқанымен, ол кезде сатып алуға ниет білдіргендер табылмаған еді.

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram