jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Гүлмира Ерубаева
Контент-ресечер

Жаңбыр, қар, көктайғақ: алдағы күндері Қазақстанда күн райы бұзылады

жауын-шашын
Қар аралас жаңбыр. Көрнекі фото: pexels.com

5-7 қараша күндері Қазақстанда қатты жауын-шашын күтіледі, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Синоптиктердің мәліметінше, жауын-шашынсыз күндерге себеп болған антициклон Қазақстаннан жылжып, оның орнына солтүстіктен циклон енеді.

Алдағы үш күнде ол алдымен елдің батысында, кейін басқа өңірлерде күн райының бұзылуына себеп болады.

Жаңбыр жауады, солтүстік өңірлерде жауын-шашын (жаңбыр, қар) түсіп, көктайғақ болуы ықтимал.

5-6 қарашада республиканың батысында, солтүстік-батысында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), ал 6 қарашада оңтүстік және орталық өңірлерде қатты жаңбыр күтіледі.

Республика бойынша желдің күшейіп, түнгі және таңертеңгі сағаттарда тұман түсуі мүмкін.

Ауа температурасы:

  • батыста түнде 0...+7°С, күндіз +3...+14°С;
  • солтүстік-батыста түнде -1...-8°С, күндіз +1...+15°С болады;
  • солтүстік және орталық өңірлерде түнгі ауа температурасы -3...-8°С-тан +1...+6°С-қа дейін жоғарылайды, күндіз +5...+13°С-тан +1...+10°С-қа дейін төмендейді;
  • шығыста түнгі температура -3...-8°С-тан 0...+5°С-қа дейін жоғарылап, күндіз +3...+8°С-тан +7...+12°С-қа дейін көтеріледі;
  • оңтүстік және оңтүстік-шығыс өңірлерде ауа температурасының айтарлықтай өзгеруі күтілмейді.

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram