Air Astana өкілдері Санья – Астана рейсінің кешігу себебін түсіндірді
Жарияланған күні:
Читать на русском
Air Astana әуекомпаниясы Санья – Астана рейсінің кешіккеніне қатысты түсінік берді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
"4 қарашаға жоспарланған Санья-Астана бағыты бойынша KC584 чартерлік рейсі техникалық ақауға (жасыл гидравликалық жүйедегі төмен қысым) байланысты 5 қарашаға ауыстырылды. Ақау шыққан бөлшек ауыстырылды. Жолаушыларға трансфер, тамақ және қонақ үй ұсынылды", - делінген хабарламада.
Компания мәліметінше, әуе кемесі Санья әуежайынан жергілікті уақыт бойынша 5 қарашада 10.07-де ұшып кетті және Астанаға 14.45-те келеді деп күтілуде, Жалпы кешігу уақыты 27 сағат болды.
Әуе компаниясы келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұрады.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/society/2452446-air-astana-okilderi-sania-astana-reisining-keshigu-sebebin-tusindirdi/