jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Эльмира Асқарқызы
Аға журналист

Астанада жол қиылыстарының бірі қарашаның соңына дейін толық жабылады

жол
Жол жөндеу жұмыстары. Көрнекі фото: Douglas Sacha/Getty Images

Астана әкімдігі өкілдері осы айдың аяғына дейін Хусейн бен Талал көшесі мен Әл-Фараби даңғылының қиылысында көлік қозғалысы толығымен жабылатынын ескертті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Қабанбай батыр даңғылынан Хусейн бен Талал көшесіне дейінгі аралықта Тәуелсіздік (Әл-Фараби) даңғылын салу" жобасын іске асыру аясында ағымдағы жылдың 5-30 қараша аралығында Хусейн бен Талал көшесі мен Әл-Фараби даңғылының қиылысында көлік қозғалысы толығымен жабылады.

Аталған учаскеде жоба аясында жол төсемін салу жұмыстарын қоса алғанда, құрылыс жұмыстары жүргізіледі.

"Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерден қозғалыс бағыттарын алдын ала жоспарлап, жол қозғалысын ұйымдастырудағы уақытша өзгерістерді ескеруді сұраймыз. Қала тұрғындары мен қонақтарынан енгізілген өзгерістерге түсіністікпен қарап, қала ішіндегі қозғалыс бағыттарын алдын ала жоспарлауды сұраймыз", - делінген хабарламада.

Қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету және қолайсыздықтарды барынша азайту мақсатында уақытша жол белгілері мен бағыттаушы көрсеткіштер орнатылады.

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram