jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Гүлмира Ерубаева
Контент-ресечер

Самара – Шымкент тасжолында қалған шетелдіктер мешітке орналастырылды (видео)

Эвакуация
Эвакуация. Видеодан кадр: t.me/POLICE_of_KZ

Самара – Шымкент тасжолында шетелдіктер мінген автобус бұзылып қалды. Полицейлер мен құтқарушылар ондағы 15 адамды мешітке орналастырды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Telegram-дағы "ҚР ІІМ жаңалықтары" арнасында хабарланғандай, бүгін сағат 01:11 шамасында республикалық маңызы бар Самара – Шымкент автожолының 1214-шақырымында патрульдік полиция жасағы жол жиегінде тоқтап тұрған автобусты байқаған.

Тексеру барысында Тәжікстан Республикасынан Ресей Федерациясына бағыт алған Van Hool автобусының техникалық ақауға байланысты жолда тоқтап қалғаны анықталған. Автобус салонында екі жүргізуші мен 15 жолаушы болған. Олардың алтауы – әйел, төртеуі – бала, бесеуі – ер адам. Барлығы Тәжікстан Республикасының азаматтары.

Патрульдік полиция ротасының қызметкерлері Ырғыз ауданының төтенше жағдайлар қызметі мамандарымен бірлесіп, жолаушыларды қауіпсіз жерге эвакуациялаған. Олар Ырғыз ауылының қиылысында орналасқан мешітке орналастырылған.

Жолаушылар медициналық көмекке мұқтаж емес. Олардың өмірі мен денсаулығына қауіп төніп тұрған жоқ.

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram