jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Гүлмира Ерубаева
Контент-ресечер

Таяу Шығыстағы ахуал: FlyArystan Ақтаудан Дубайға рейстерін қайта іске қосады

FlyArystan ұшағы
FlyArystan ұшағы. Иллюстрациялық фото: FlyArystan

Қазақстандық FlyArystan лоукостері Ақтаудан Дубайға қайта ұша бастайтынын мәлімдеді. Бұл бағыт бойынша рейстер көктемде Таяу Шығыстағы ахуалға байланысты уақытша тоқтатылған еді, деп хабарлайды әуекомпанияның баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

FlyArystan әуекомпаниясының баспасөз қызметінің мәліметінше, лоукостер Ақтау – Дубай – Ақтау бағыты бойынша тікелей рейстерді жандандырады.

Алғашқы рейс 2026 жылғы 21 қарашаға жоспарланған. Рейстер аптасына екі рет – сейсенбі және сенбі күндері орындалады.

Естеріңізеге сала кетейік, наурызда әуекомпания Таяу Шығыстағы тұрақсыз ахуал мен өңірдегі шектеулерге байланысты Ақтау – Дубай – Ақтау бағыты бойынша рейстерді уақытша тоқтатқан еді.

Кейінірек тамызда FlyArystan Дубайға қатынайтын рейстердің 15 қыркүйекке дейін тоқтатылғанын хабарлады.

Ал 18 тамызда бұл шектеулер ресми түрде 30 қыркүйекке дейін ұзартылды.

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram