Қазақстанда қазақ тілін білу деңгейін бағалайтын тестілеу тағы да өтеді: күні белгілі болды
Жарияланған күні:
Читать на русском
Қазақстанда 17 қарашада қазақ тілін меңгеру деңгейін бағалауға арналған ҚАЗТЕСТ сертификаттық тестілеуі электронды форматта өтеді, деп хабарлайды Ұлттық тестілеу орталығына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Орталықтың мәліметінше, тестілеу Астана, Алматы, Шымкент, Ақтөбе, Ақтау, Атырау, Жезқазған, Көкшетау, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Өскемен, Орал, Петропавл, Павлодар, Семей, Талдықорған, Түркістан және Тараз қалаларында өтеді.
Өтініш 9-15 қараша аралығында қабылданады.
Ұлттық тестілеу орталығы ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша сертификаттық тестілеу төрт блоктан тұратынын еске салды:
- Тыңдалым – 20 тест тапсырмасы (20 минут);
- Оқылым – 40 тест тапсырмасы (50 минут);
- Жазылым – 2 тапсырма (50 минут);
- Айтылым – 2 тапсырма (7 минут).
"Сертификат алу үшін тестіленуші әрбір блок бойынша қажетті шекті балды жинауы тиіс.
Жазылым және Айтылым блоктары бойынша тестілеудің нәтижелері тестілеу аяқталған күннен кейін 15 жұмыс күні ішінде app.testcenter.kz сайтындағы тестіленушінің жеке кабинетінде жарияланады", - делінген хабарламада.
Тестілеуге қатысу құны – 7 121 теңге.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін ҚАЗТЕСТ сертификаттық тестілеуі 29 қазанда өткен еді.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/society/2453027-qazaqstanda-qazaq-tilin-bilu-denggeiin-bagalaityn-testileu-tagy-da-otedi-kuni-belgili-boldy/