jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Гүлмира Ерубаева
Контент-ресечер

9 қарашадан бастап Қазақстанда бірден алты жол учаскесінде орташа жылдамдық бақыланады

тракт
Автожол. Көрнекі фото: Martin Schutt/picture alliance via Getty Images

Қазақстанда 9 қарашадан бастап республикалық автожолдардағы бірден алты учаскеде көліктердің орташа жылдамдығы бақыланады, деп хабарлайды "ҚазАвтоЖолға" сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Бақылау енгізілетін бағыттар:

1. Алматы – Қорғас (жаңартылды)

  • Ұйғыр – Панфилов аймағы – 50+832 км, рұқсат етілген жылдамдық – 120 км/сағ.

Қарағанды – Бұрылбайтал

  • Шұбартүбек – Гүлшат аймағы – 42+158 км, рұқсат етілген жылдамдық – 140 км/сағ.
  • Гүлшат – Тасарал аймағы – 42+550 км, рұқсат етілген жылдамдық – 140 км/сағ.

3. Қызылорда – Арал

  • Ақжарма – Ақжар аймағы – 48+239 км, рұқсат етілген жылдамдық – 100 км/сағ.
  • Ақжар – 103-разъезд аймағы – 122+421 км, рұқсат етілген жылдамдық – 100 км/сағ.
  • 103-разъезд – Әйтеке би аймағы – 95+871 км, рұқсат етілген жылдамдық – 100 км/сағ.

"Жүйенің басты ерекшелігі – көлік жылдамдығы тек камера орнатылған жерде емес, бүкіл бақылау аймағында есептеледі.

Арнайы құрылғылар көліктің бақылау аймағына кірген және одан шыққан уақытын тіркейді. Осы мәліметтер негізінде жүріп өткен қашықтық пен жұмсалған уақыт есепке алынып, орташа жылдамдық автоматты түрде анықталады. Егер жүргізуші белгіленген жылдамдық шегінен асса, құқықбұзушылық туралы мәлімет тиісті уәкілетті органдарға жолданады", - делінген хабарламада.

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram