"Қазақ еліне +1 миллиардер": ЖИ компаниясының негізін қалаушылардың бірі Қазақстан азаматтығын алды
Жарияланған күні:
Читать на русском
Higgsfield технологиялық компаниясының негізін қалаушылардың бірі Алекс Машрабов Қазақстан азаматтығын алды. Тиісті жарлыққа Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Higgsfield компаниясының тең құрылтайшысы Алекс Машрабов Қазақстан азаматы атанды. Оған төлқұжатты премьер-министрдің орынбасары – жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев табыстаған.
Ведомство басшысының хабарлауынша, тиісті жарлыққа биыл 30 қазанда президент Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойған.
"Осы маңызды оқиғамен құттықтаймын! Президент жасанды интеллектіні дамытуға және таланттарды қолдауға ерекше мән береді. Біз болашақ технологияларын жасайтын мамандардың өз жоспарларын Қазақстанмен байланыстырып, идеяларын жүзеге асыруға қажетті мүмкіндіктерді елімізден тапқанын қалаймыз.
Сіздердің табыстарыңыз – жастарымыз үшін жарқын үлгі. Бұл Қазақстанда еңбек ете отырып, әлемдік деңгейдегі технологиялар жасауға, жетекші компаниялармен бәсекеге түсіп, халықаралық нарықтарды бағындыруға болатынын көрсетеді.
Алекс, Қазақстанға сенім білдіріп, еліміздің азаматы болуды таңдағаныңыз үшін рақмет. Бірлесе таланттарды қолдап, жаңа өнімдер жасап, Қазақстанның технологиялық әлеуетін нығайтамыз деп сенемін", - деп жазды Жаслан Мәдиев.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/society/2453090-qazaq-eline-1-milliarder-zhi-kompaniiasynyng-negizin-qalaushylardyng-biri-qazaqstan-azamattygyn-aldy/