jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Эльмира Асқарқызы
Аға журналист

Жаңа Stadler пойыздарында әйелдерге арналған вагондар қарастырылған ба

вагон
Вагон. Фото: ҚТЖ

"Жолаушылар тасымалы" АҚ жаңа Stadler пойыздары іске қосылғаннан кейін Астана - Семей бағытында әйелдер вагоны қарастырыла ма деген сұраққа жауап берді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ компанияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Кеше көптен күткен жаңа швейцариялық Stadler поездарына билеттер 5 қарашадан бастап сатыла бастайтынын жазған едік. Құрам Астана мен Алматы және Семей бағытында қарашаның ортасында қатына бастайды.

Бүгін "Жолаушылар тасымалы" АҚ Астана – Семей бағытындағы жаңа пойыздарда әйелдер вагоны сақталғанын мәлімдеді. Бұл қызмет аталған бағытта бұрын да жұмыс істегені және сақталатыны аталып өткен. Елордадан Семейге жаңа құрамның алғашқы рейсі 2026 жылдың 13 қарашасына жоспарланған.

Еске салайық, бұл қызметтің ерекшелігі – мұндай вагондарға билеттерді тек әйелдер ғана сатып ала алады, ал оларға тек әйел жолсеріктер қызмет етеді.

Әйелдер вагондарында жасы жетіге толмаған ұл балалардың жүруіне де рұқсат етіледі. Әйелдер вагондарындағы билеттер құны тиісті санаттағы кәдімгі вагондардағы жол жүру құнынан ерекшеленбейді.

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram