jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Эльмира Асқарқызы
Аға журналист

ШҚО тұрғыны тұманда адасып кетті

тұманды күн
Тұманды күн. Көрнекі фото: pixabay.com

ШҚО-ның Зайсан ауданы Шілікті ауылындағы "Қос өткел" учаскесінде 1963 жылы туған ер адамды іздестіру жұмыстары жүргізілді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Белгілі болғандай ер адам үйінен атпен шығып, мал қарауға кеткен. Алайда қалың тұманға байланысты бағытынан адасып, кері қайтар жолды таба алмаған.

Бүгін таңертең ТЖД, полиция және жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлерінен құралған іздестіру тобы ер адамды "Қос өткел" учаскесінен 20 шақырым жерден тапты.

Ер адам зардап шекпеген, медициналық көмекке мұқтаж болмаған.

ШҚО ТЖД өкілдері алыс жолға немесе мал іздеуге шығар алдында ауа райын ескеруді сұрайды. Құтқарушылар әсіресе тұманды күні абай болған жөн екенін, көріну қашықтығы нашарласа, аса қажеттілік болмаса, жолға шықпауды ескертеді.

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram