Ақсу-Жабағылы қорығының жабайы жануарлары фототұзаққа түсіп қалды
Жарияланған күні:

Ақсу-Жабағылы мемлекеттік табиғи қорығында орнатылған фототұзақтар жабайы жануарлардың табиғи ортадағы тіршілігін таспаға түсірді. Бұл туралы Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті мәлім етті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Қорық мамандарының пікірінше, фототұзақтар жануарлардың қозғалысын, мінез-құлқын және мекен ету ерекшеліктерін бақылауға мүмкіндік береді.
Жиналған деректер биоалуантүрлілікті зерттеуге және табиғатты қорғау шараларын тиімді жоспарлауға көмектеседі.
Әрбір кадр – табиғаттың біз байқай бермейтін құпия тіршілігінен бір үзік сыр.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/society/2453424-aqsu-zhabagyly-qorygynyng-zhabaiy-zhanuarlary-fototuzaqqa-tusip-qaldy/