Қазақстан жолдарында жазғы шинамен жүрген жүздеген көлік кері қайтарылды (видео)
Жарияланған күні:
Читать на русском
Полицейлер Ақмола облысының республикалық жолдарында жазғы шинамен жүрген 744 автокөлікті ауа райының қолайсыздығына байланысты кері қайтарды, деп хабарлайды өңірлік ПД-ге сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Ведомствоның баспасөз қызметі атап өткендей, ауа райының нашарлауына байланысты Ақмола облысының полиция қызметкерлері республикалық автожолдарда күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр. Жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және жол-көлік оқиғаларының алдын алуға баса назар аударылып отыр.
8-9 қарашада өңірдегі бірқатар жол учаскесінде жазғы шинамен жүрген көліктердің қозғалысына уақытша шектеу қойылған. Атап айтқанда, шектеулер "Астана – Щучинск", "Астана – Шідерті – Павлодар" және "Көкшетау – Атбасар" автожолдарында енгізілген.
Сонымен қатар республикалық автожолдардың жекелеген учаскелерінде ауа райы мен жол жағдайын ескере отырып, жылдамдық режимі төмендетілген.
Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында полицейлер жазғы шинамен жүрген 744 көлікті кері қайтарып, олардың республикалық жолдарда одан әрі жүруіне жол бермеген.
Қабылданған шаралар апаттық жағдайлардың алдын алуға және жол қозғалысына қатысушылардың барлығының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған.
Бұған дейін полиция қызметкерлері жүргізушілерге жазғы шинаны қысқысына уақтылы ауыстыру және ауа райы нашарлағанда қауіпсіздік талаптарын сақтау керектігін бірнеше рет ескерткен болатын. Ескертулерге қарамастан, кейбір жүргізушілер жазғы шинамен жолға шығуын жалғастырған.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/society/2453883-qazaqstan-zholdarynda-zhazgy-shinamen-zhurgen-zhuzdegen-kolik-keri-qaitaryldy-video/