Алматы метросында таңертең болған кептелістің видеосы тарады
Жарияланған күні:
Читать на русском
Алматы метрополитенінің баспасөз қызметі метроға кіреберістегі кептелістің себебін түсіндірді. Белгілі болғандай, метрода Onay жүйесінің QR-коды арқылы төлем қабылданбаған, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Метродағы қарбаластың видеосы Threads әлеуметтік желісінде жарияланды, сондай-ақ алматылықтар NUR.KZ редакциясына да фотосуреттер жіберіп жатыр.
Метрополитен төлем жүйесіндегі ақау толық жойылғанын мәлімдеді.
"Бүгін сағат 06:30-дан бастап техникалық себептерге байланысты Алматы метрополитенінің барлық станциясында Onay жүйесінің QR-коды арқылы жолақы төлеу уақытша мүмкін болмады.
Бұл ретте Onay көлік карталары, банк карталары, Apple Pay мен Samsung Pay қосымшалары, сондай-ақ қағаз QR-билеттер арқылы төлем әдеттегідей қабылдана берді.
Сағат 09:30-да техникалық ақау толық жойылды. QR-код арқылы жолақы төлеу қалпына келтірілді", - деп түсіндірді баспасөз қызметінің өкілдері.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/society/2453951-almaty-metrosynda-tangerteng-bolgan-keptelisting-videosy-tarady/