jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
18+
Эльмира Асқарқызы
Аға журналист

Көліктердің әйнегіне сурет салу арқылы танылған атыраулық суретші дүниеден өтті

Аслан Жазиков
Аслан Жазиков. Фото: instagram.com/asylanqyzy_d

Автокөлік әйнектеріне сурет салу арқылы танылған атыраулық суретші Аслан Жазиков дүниеден озды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Аслан Жазиковтің қайтыс болғаны туралы Instagram желісіндегі парақшасында оның жұбайы хабарлады. Ол күйеуінің шығармашылығына жанкүйер болғандардың бәріне алғыс айтты.

"Осы парақшаның иесі, суретші ретінде танылған жолдасым Аслан кеше Алланың панасына қайтты. Асланның қолөнерін осы күнге дейін тамашалап, қолдап-қолпаштап келгендеріңізге рақмет. Бірақ, өкінішке қарай, парақша сурет салу бойынша өз жұмысын тоқтатады. Суретке тапсырыс беру туралы өтініштер жазып мазаламауларыңызды сұраймын. Парақша өшпейді. Жолдасымның туындылары естелік ретінде сақталады", - деді ол.

Суретші көптеген танымал тұлғалардың, оның ішінде Криштиану Роналду, Дастан Сәтпаев және Елена Рыбакина секілді спортшылардың портретін салған.

Айта кетейік, бұған дейін Аслан Жазиковтің көлік әйнегіне Елдос Сметовтің портретін салғанын жазғанбыз. Автордың туындысы сіріңкенің талы мен мақта таяқшасының көмегімен шыққан.

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram