jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Эльмира Асқарқызы
Аға журналист

Илон Маск тауда қалған қазақстандықтардың қалай құтқарылғаны туралы жазбаны желідегі парақшасында бөлісті

Автомобиль
Автомобиль. Кадр из видео: t.me/qr_tjm

Илон Маск X желісіндегі парақшасында Шығыс Қазақстан облысындағы тауда қар құрсауында қалып қойған бес адамның қалай құтқарылғаны туралы жазбаны бөлісті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"Starlink адам өмірін сақтайды", - деп жазды миллиардер.

Ол бөліскен жазбада Қазақстанның қар басқан тауларында қалған бес адамды құтқаруға Starlink -тің қандай көмегі тигені айтылған.

Бес адам мінген жол талғамайтын көлік Күршім ауылынан шамамен 15 километр қашықтықта сынып қалған. Онда ұялы байланыс желісі болмаған. Сол кезде Starlink жаһандық спутниктік жүйесінің арқасында олар құтқарушылармен байланысқа шыққан.

Көмекке "Трэкол" көлігімен шыққан құтқарушылар шамамен 100 шақырым жол жүріп, оларға жеткен.

Құтқарушылар автокөлікті Қыстау Күршім ауылына дейін сүйреп жеткізді. Медициналық көмек ешкімге қажет болмады.

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram