2027 жылы Қазақстаннан қанша адам қажылыққа аттана алады
Жарияланған күні:

Қазақстанға алдағы қажылық маусымына 4300 орын бөлінді. Сондай-ақ қажыларды орналастыру, тасымалдау және қажылық қызметтерін ұйымдастыру бойынша міндеттер айқындалды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ ҚМДБ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қазақстанға 2027 жылғы қажылық маусымына 4300 орын бөлінді. Тиісті келісімге Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы мен Сауд Арабиясы Корольдігінің Қажылық және умра министрі Тауфиқ бин Фаузан әр-Рабиа қол қойды.
Келісімде екі ел арасындағы қажылық сапарын үйлестіру, қазақстандық қажыларға көрсетілетін қызмет сапасын қамтамасыз ету, олардың қауіпсіздігі мен медициналық талаптарды сақтау мәселелері қамтылған.
Сондай-ақ қажыларды орналастыру, тасымалдау және қажылық қызметтерін ұйымдастыру бойынша тараптардың міндеттері айқындалды.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/society/2454360-2027-zhyly-qazaqstannan-qansha-adam-qazhylyqqa-attana-alady/