jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Эльмира Асқарқызы
Аға журналист

Үш қаланың тұрғындары жылу сапасына қатысты шағымданды: Бектенов әкімдерге тапсырма берді

Жылу беру маусымы
Жылу беру. Көрнекі сурет: pixabay.com

Үкімет отырысында премьер-министр Олжас Бектенов барлық өңірде жылу беру маусымы басталғанын атап өтті. Жаз айларында жабдықтарды, жылу мен электр желілерін жөндеу шаралары қабылданды. Тұтынушыларға жылу кестеге сәйкес берілді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Бірақ, оның айтуынша, жылудың сапасына наразы немесе жылусыз қалған тұрғындар тарапынан шағымдар да келіп түсуде. Олардың ішінде   Ақтау, Павлодар және Петропавл тұрғындары бар.

Премьер-министр жылыту маусымында халықты тұрақты әрі сапалы жылумен қамтамасыз етуді тапсырды. Әлеуметтік нысандарды ерекше назарда ұстау қажет.

"Өңір әкімдеріне жылу беру маусымына жауапты өңірлік штабтардың жұмысын күшейтіп, халықтың арыз-шағымдарына жедел әрекет етуді тапсырамын. Қыс айларындағы жұмыстарға авариялық бригадалар мен арнайы техниканы толық жұмылдыру қажет. Сонымен қатар өңір әкімдіктері халыққа қажетті көмірдің тұрақты бағамен қолжетімді болуын бақылауда ұстасын. Энергетика министрлігі мен өңір әкімдіктері энергия көздеріндегі жөндеу жұмыстарын бекітілген кестеге сәйкес аяқтап, қажетті жабдықтар резервін әзірлеуге тиіс", - деп атап өтті Олжас Бектенов.

Жалпы үйлестіру премьер-министрдің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаевқа жүктелді.

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram