1,2 млн теңге жалақы алатын министр коммуналдық қызмет үшін ай сайын 75 мың теңге жұмсайтынын айтты (видео)
Жарияланған күні:
Читать на русском
Үкімет отырысынан кейінгі баспасөз мәслхатында энергетика министрі Ерлан Ақкенженов коммуналдық қызметке айына 75 мың теңге төлейтінін айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
"Мен шамамен 75 мың теңге, 73-75 мың теңге төлеймін. "Хайвилл" тұрғын үй кешенінде тұрамын. Коммуналдық шығындар үшін ай сайын шамамен осы соманы төлеймін. Оған интернет ақысы кірмейді, сондай-ақ, шатаспасам, паркингті пайдаланғаным үшін төлем де кірмейді. Мен паркингті жалға аламын. Ал менің мемлекеттен алатын жалақым – шамамен 1,2 млн теңге шамасында", - деді энергетика вице-министрі Ерлан Ақкенженов.
Министрден коммуналдық қызмет тарифтерінің көтерілуінен түскен ақша қайда жұмсалатыны сұралды.
"Тарифтің көтерілуі ең алдымен технологиялық тұтастық пен жабдықтардың сенімді жұмыс істеуін қамтамасыз етуге және жалақыны көтеруге бағытталған. Яғни бәрін ең алдымен осыған байланыстырамыз. Сондай-ақ жылу электр орталықтарының жұмыс жағдайын жақсарту көзделген.
Егер цифрларды атайтын болсақ, биыл жоспарланған 9 энергоблоктың 8-ін жөндеп бітірдік. Қазандықтардың жоспарланған 55-інің 49-ын жөндеуді аяқтадық. Қазіргі уақытта қалған бөлігі жөнделіп жатыр.
Егер нақты цифрларға тоқталсақ, мысалы, электр стансалары бойынша былтырдан бері қаржыландыруға 348 млрд теңге бөлінді. Бұл электр стансаларына арналған. Бұл қаражат беріктікті арттыру үшін пайдаланылады. Беріктік туралы айтқан кезде, бұл ең алдымен апатты жағдайларға қатысты. Яғни бұл жалпы еліміз бойынша апатты жағдайлардың санын азайту", - деп жауап берді энергетика министрі.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/society/2454458-1-2-mln-tengge-zhalaqy-alatyn-ministr-kommunaldyq-qyzmet-ushin-ai-saiyn-75-myng-tengge-zhumsaitynyn-aitty-video/