"ҚазАвтоЖол" жолдардағы көріну қашықтығының нашарлауына байланысты жүргізушілерге үндеу жасады
Жарияланған күні:
Читать на русском
Қазақстандық жүргізушілерге бірнеше өңірдегі жолдарда көріну қашықтығының нашарлайтыны ескертілді, деп хабарлайды "ҚазАвтоЖолға" сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Ұлттық компания 11 қарашаға арналған жол болжамын жариялады. Оған сәйкес, бірқатар өңірдегі жолдарда көріну қашықтығы нашарлауы мүмкін.
Баспасөз қызметінің мәліметінше, бүгін Ақмола, Абай, Ақтөбе, Алматы, Қарағанды, Қызылорда, Қостанай, Жетісу, Павлодар, Түркістан, Ұлытау және Шығыс Қазақстан облыстарында жаңбыр аралас қар, ал кей жерлерде қар жауады деп күтіледі.
"Осыған байланысты республикалық автожолдардың жекелеген бөліктерінде көріну қашықтығы төмендеп, жол беті тайғақ болуы мүмкін.
Жүргізушілерге ауа райын ескеріп, қауіпсіз арақашықтықты сақтауды, жол жағдайына қарай жылдамдықты таңдауды және оқыс маневр жасамауды ұсынамыз", - делінген хабарламада.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/society/2454965-qazavtozhol-zholdardagy-korinu-qashyqtygynyng-nasharlauyna-bailanysty-zhurgizushilerge-undeu-zhasady/