Алматы әкімдігі нөсерге байланысты тұрғындарға үндеу жасады
Жарияланған күні:
Читать на русском
Алматы әкімдігі қалаға жауған нөсер салдары туралы мәлімет таратты. Қалада бір түнде 36 мм жауын-шашын түскен, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қала әкімдігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Алматыда 10 қарашаның кешінен бері жаңбыр жауып тұр. Бүгін таңғы сағат 10-ға қарай қалада 23 мм, Медеу ауданында – 26 мм, Каменск үстіртінде 36 мм жауын-шашын түскен.
"Қазір коммуналдық қызмет күшейтілген режимде жұмыс істеп, көше мен аулада жиналған суды сорып жатыр.
Кезекшілікте 85 жедел бригада бар. Жұмысқа 415 арнайы техника мен 97 мотопомпа жұмылдырылған. Сондай-ақ жұмысқа тәулік бойы 3 253 жол саласы жұмысшысы тартылған", - дейді әкімдіктегілер.
Синоптиктердің болжамынша, 11 қарашада күні бойы оқтын-оқтын жаңбыр жауады. Тағы 10 мм-ге дейін жауын-шашын түсуі мүмкін. Желдің екпіні секундына 15-20 метрге дейін жетеді.
Жүргізушілерге жылдамдықты азайтып, су жиналуы мүмкін жерлерге көлігін қоймағаны жөн екені ескертіледі.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/society/2455125-almaty-akimdigi-noserge-bailanysty-turgyndarga-undeu-zhasady/