jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Эльмира Асқарқызы
Аға журналист

Көлік балшыққа батты: Алматы әкімдігі тұрғындардың шағымына жауап берді

батпаққа батқан көлік
Батпаққа батқан көлік. Фото: threads.com/@margaritha

Алматының Бостандық ауданы Нұр Алатау шағын ауданында екі көлік балшыққа батып кетті. Мұны желіде қала тұрғыны хабарлады. Әкімдік өкілдері жағдайға қатысты түсінік берді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Екі айдан бері бізге жол салып беруін сұрап жазып келемін. Бірінші өтінішке берген жауапта әкімдік қыркүйектің соңына дейін жөндеу жұмыстарын жүргізуге уәде берді, бірақ олар оны орындаған жоқ. Ал екінші өтінішіме көрші көшенің жөндеу жұмыстарының суретін көрсетті. Оны қалай асфальттағанын көрсетті.

Нәтижесі міне – таңертең көліктер балшыққа батып жатыр. Не көлік, не адам өте алмайды. Атқарылған жөндеу жұмыстары туралы есеп берген орындаушы телефонға жауап бермейді", - деп жазды Threads желісінде margaritha қолданушысы.

Смотреть в Threads

Портал тілшісі қала әкімдігіне түсініктеме сұрап жүгінді, онда "Нұрлытау шағын ауданында сыртқы сумен жабдықтау және кәріз желілерін салу" жобасын іске асыру аясында "Aspan Holdings" ЖШС мердігер ұйымы инженерлік желілерді төсеу жұмыстарын жүргізіп жатқанын хабарлады.

"Аталған учаскеде сумен жабдықтау және кәріз желілерін төсеу жұмыстары аяқталды. Асфальт-бетон жабынын қалпына келтіру жұмыстарының кейінгі кезеңдері аясында қарастырылған. Жауын-шашын салдарынан топырақ шамадан тыс ылғалданып, соның кесірінен көлік аталған учаскеде тұрып қалды.

11 қараша сағат 11:30-дағы жағдай бойынша көлік шығарылып, жол ашылды. Учаскені тиісті түрде ұстамау фактісі бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, айыппұл салынды", - деп атап өтті әкімдіктегілер.

Бұдан бөлек мердігер ұйымға кедергісіз жүруді қамтамасыз ету және жол жабынын қалпына келтіру бойынша шұғыл шаралар қабылдау тапсырылды.

"Жағдай Бостандық ауданы әкімдігінің бақылауында", деді қала әкімдігінің баспасөз қызметі өкілі.

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram