Жақын күндері Қазақстанның кей өңірінде 16 градусқа дейін аяз болады
Жарияланған күні:
Читать на русском
Синоптиктер Қазақстан бойынша 12-14 қарашаға арналған ауа райы болжамын ұсынды. Кей өңірде 16 градусқа дейін аяз күтіледі, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Синоптиктердің мәліметінше, алдағы үш тәулікте республиканың басым бөлігінде күн райы құбылмалы болады. Кей жерлерде жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі.
Елдің оңтүстік-шығысындағы таулы аудандарда қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) түсіп, көктайғақ болуы ықтимал.
Жекелеген күндері Қазақстанның батысында, солтүстігінде, орталығында, ал 13 қарашадан бастап оңтүстігінде жауын-шашынсыз күн райы күтіледі.
Сонымен қатар республика бойынша жел күшейеді, елдің шығысында жаяу бұрқасын соғады. Түнгі және таңертеңгі сағаттарда тұман түсуі мүмкін.
Алдағы күндері Қазақстан бойынша ауа температурасы:
- батыста түнде +2...+9 градусқа дейін, күндіз +8...+17 градусқа дейін жылы болады;
- солтүстікте түнде -2...-10 градусқа дейін төмендейді, күндіз -2 градустан +5 градусқа дейін жылы болады;
- орталықта, шығыста түнде -5...-15 градусқа дейін аяз, күндіз -3 градустан +5 градусқа дейін жылы болады;
- оңтүстікте түнде -1...-8 градусқа дейін аяз, күндіз +5...+12 градусқа дейін жылы болады;
- оңтүстік-шығыста түнде -3...-8 градусқа дейін, таулы аймақтарда -11...-16 градусқа дейін аяз болады, күндіз +2...+10 градусқа дейін жылы, таулы аймақтарда -1...-6 градус аяз күтіледі.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/society/2455170-zhaqyn-kunderi-qazaqstannyng-kei-ongirinde-16-gradusqa-deiin-aiaz-bolady/