Семей тұрғыны жоғалып кетті: оның Lexus LX 570 маркалы көлігі жырадан табылды
Жарияланған күні:
Читать на русском
Абай облысында 2026 жылдың 4 қарашасында жоғалған Семейдің 44 жастағы тұрғыны Ринат Ахметов іздестіріліп жатыр, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ведомство мәліметінше, 1982 жылы 1 шілдеде туған Ринат Ахметов 2026 жылдың 4 қарашасында үйден шығып кеткен. Қазіргі уақытта оның қайда екені белгісіз.
7 қарашада "102" арнасына оның 69 жастағы әкесі іздестіру жұмыстарына көмек сұрап жүгінді.
9 қарашада іздестіру шаралары барысында Бородулиха ауданы Алексеевка ауылынан шамамен 15 километр қашықтықтағы жырадан жоғалған азамат мініп жүрген Lexus LX 570 автокөлігі табылды.
Полиция қызметкерлері іздеу және жедел-іздестіру шараларын белсенді жүргізіп жатыр. Іздеу жұмыстары көлік табылған жерге іргелес аумақта да жүргізіліп жатыр.
"Ринат Ахметовтің қайда екені туралы қандай да бір ақпарат білетін немесе 4 қарашадан бастап оны немесе көрсетілген көлікті көрген азаматтар болса, "102" телефонына дереу хабарласуды немесе ең жақын полиция бөліміне жүгінуді сұраймыз", - деп үндеу жасады Абай облысының ПД баспасөз қызметі өкілдері.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/society/2455208-semei-turgyny-zhogalyp-ketti-onyng-lexus-lx-570-markaly-koligi-zhyradan-tabyldy/