Маңғыстау облысы әкімінің бұрынғы орынбасары өмірден озды
Жарияланған күні:
Читать на русском
Маңғыстау облысы әкімінің бұрынғы орынбасары Рахымбек Әміржанов қайтыс болды. Ол 62 жаста еді. Түпқараған ауданының әкімдігі туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Ведомствоның Facebook желісіндегі ресми парақшасында Түпқараған ауданының әкімдігі, аудандық ардагерлер кеңесі және қоғамдық кеңесі Маңғыстау өңірінің дамуына өлшеусіз үлес қосқан білікті басшы, белгілі мемлекеттік және қоғам қайраткері Рахымбек Әміржановтың мезгілсіз өмірден өтуіне байланысты отбасы мен туған-туыстарының қайғысына ортақтасып, қайғырып көңіл айтқаны жарияланды.
Ведомство өкілдерінің сөзінше, Рахымбек Әміржанов өзінің саналы ғұмырын ел игілігіне, аймақтың әлеуметтік-экономикалық өркендеуіне арнап, соңына өшпес із, жарқын үлгі қалдырды. Оның парасатты тұлғасы, іскерлік қабілеті мен адамгершілік қасиеттері замандастары мен әріптестерінің жадында мәңгі сақталады
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/society/2455220-manggystau-oblysy-akimining-buryngy-orynbasary-omirden-ozdy/