jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Эльмира Асқарқызы
Аға журналист

Алматыдағы Алатау даңғылында метро құрылысына байланысты қозғалыс шектеледі

белгі
Жол белгісі. Көрнекі фото: NUR.KZ / Владимир Третьяков

Алматыда метро құрылысына байланысты Алатау даңғылында қозғалыс уақытша шектеледі. Абай даңғылынан Ұлықбек көшесіне дейінгі учаске жабылады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Almaty Joly-на сілтеме жасап.

Telegram-дағы Almaty Joly арнасы хабарлағандай, 13 қарашадан бастап жаңа метро станциясының құрылысы жүріп жатқан кезеңде Алатау даңғылының Абай даңғылынан Ұлықбек көшесіне дейінгі аралығында қозғалыс шектеледі.

"Көліктер бұрын салынған айналма жолға бағытталады. №1 жаңа метро станциясы Алатау даңғылында, Абай даңғылынан солтүстікке қарай орналасады. Жүргізушілерден бағытты алдын ала жоспарлап, жол белгілеріне назар аударуды сұраймыз", - делінген хабарламада.

Бірінші метро желісінің үшінші кезегінің жобасы аясында ұзындығы шамамен 5,3 шақырым тоннель және үш жаңа станция салу көзделген.

№2 бекет Алатау даңғылы мен болашақ Төле би көшесінің қиылысы маңында орналасады. Ал №3 бекетті "Барлық" базарының жанынан салу жоспарланып отыр.

Мұнда метроны, автобус бағыттарын және LRT желісін біріктіретін көлік-ауысып отыру торабы салынады. Сондай-ақ автотұрақ қарастырылған.

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram