jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Эльмира Асқарқызы
Аға журналист

"Алғашқы жаңбырдан жол еріп кетті": Алматыдағы Достық даңғылында тротуар ойылып қалды

тротуар
Тротуар. Фото: threads.com/@vera_minisun

Алматы тұрғыны Threads желісінде Алматыдағы Достық даңғылында опырылған тротуардың суретін жариялады. Бұл шағымға қалалық қоғамдық кеңістікті дамыту басқармасының өкілдері жауап берді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Алматы тұрғыны Вера Давыдова Threads желісіндегі парақшасында мегаполистегі Достық даңғылындағы тротуар ойылғанын жазып, бірнеше фото жариялады.

"Алғашқы жауында жол да еріп кетті. Мұндай ешқашан болмаған еді, міне, қайтадан! Тротуардың бір бөлігі опырылып қалды. Достық – Алматыдағы орталық даңғыл, су басып жатыр, тіпті жолдан өту мүмкін емес. Алда қыс келе жатыр, не болатынын ойлаудың өзі қорқынышты", - делінген жазбада.

Бұл шағымға қатысты "Алматы жылу желілері" ЖШС өкілдері жауап қатты.

"Достық даңғылында, әл-Фараби даңғылы мен Абай даңғылының аралығындағы учаскеде жылу желілеріне апаттық-қалпына келтіру жұмыстары жүргізілді. Қатты жауын-шашын кезінде аталған учаскеде топырақ шөккен. Оның салдарын жою жұмыстарын мердігер ұйым 2026 жылғы 11 қарашада кепілдік міндеттемелері аясында орындайды.

Еске сала кетейік, Достық даңғылын қайта құру жобасы аясында тротуар плиткаларын төсеу, веложол ұйымдастыру, көгалдандыру, автоматты суару жүйесін орнату, кабель желілерін тартып, сыртқы жарықтандыру тіректерін монтаждау, сондай-ақ іргелес аумақты абаттандыру жұмыстары орындалды", - деді мекеме мамандары.

Смотреть в Threads

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram