Саясат Нұрбек мемлекеттік аудит нәтижесінде ғылым саласынан анықталған кемшіліктерге қатысты түсінік берді
Жарияланған күні:
Читать на русском
Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Құрылтайдағы брифингте Жоғары аудиторлық палата ғылым саласынан анықтаған 51 млрд теңгелік кемшіліктерге қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Еске сала кетейік, Жоғары аудиторлық палата мемлекеттік аудит қорытындысы бойынша 51 млрд теңгеге қаржылық бұзушылықтар анықталғанын, сонымен қатар 47 млрд теңге бюджет қаражаты тиімсіз жоспарланған мен пайдаланылғанын хабарлаған.
Осы фактіге қатысты пікір білдірген ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Ғылым министрлігі ЖАП-тың барлық нұсқамасы қатаң орындалып жатқанын атап өтті.
"Мен сынға қалыпты қараймын. Онда жағдай бар. Ғалымдардың жауапкершілігін күшейте түсетін, жабылуға тиіс мәселелер бар. Ғалымдар бұл гранттық қаржыландыру екенін, бірақ сонымен бірге бюджет ақшасы екенін түсінуге тиіс. Қазақта: "Судың да сұрауы бар" - деген жақсы мақал бар.
Қазір ЖАП-тың барлық нұсқамасын өте нақты орындап жатырмыз. Мерзім 2027 жылға дейін болса да, барлық нұсқаманы биыл мерзімінен бұрын орындағымыз келеді. Уақыт күттірмейді", - деді ғылым министрі.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/society/2455253-saiasat-nurbek-memlekettik-audit-natizhesinde-gylym-salasynan-anyqtalgan-kemshilikterge-qatysty-tusinik-berdi/