jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Эльмира Асқарқызы
Аға журналист

Петропавлда жоғалған жасөспірім пештің ішінен табылды

пеш
Декоративті пеш. Фото: polisia.kz

Петропавлда із-түссіз жоғалған алтыншы сынып оқушысы декоративті пештің ішінен табылды. Оның сөзінше, ол пешке жылыну үшін кірген, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Ішкі істер министрлігінің ресми медиапорталы таратқан мәліметке сәйкес, 10 қарашада шамамен сағат 17:30-да Петропавл қаласындағы "102" арнасына Жұмысшы кентінің тұрғынынан 13 жастағы ұлы жоғалып кеткені туралы хабарлама түсті. Бала таңертең үйден шығып, оралмаған. Өзімен бірге телефоны болмаған.

Жасөспірімді іздеуге патрульдеуде болған полицияның кешенді күштері бағытталды. Барлық қызметтер, оның ішінде жедел әрекет ету арнайы отрядының жауынгерлері жұмылдырылды. Жұмысшы кенті мен оның төңірегіндегі аумақтарды тексеру үшін үш дрон көтерілді.

Орталық жедел басқару пунктінің инспекторлары бейнебақылау камераларының жазбаларын қадағалады. Олармен бірге Петропавл қалалық ПБ Екінші полиция бөлімінің жедел уәкілі Төребек Калелов жұмыс істеді. Ол камера жазбаларынан баланы анықтап, оның Жұмысшы кентінің шетіндегі Зайцев көшесіне дейінгі жүрген жолын бақылап отырды.

Шамамен сағат 18:30-да жасөспірім бір үйдің жанында орнатылған декоративті пешке тығылып отырғаны белгілі болды.

Кейін бала полиция қызметкерлеріне "пеште" жылынып, ұйықтап қалғанын айтты. Құқық қорғау органдары оны тауып, аман-есен үйіне алып келді.

Ата-анасы полиция қызметкерлеріне шын жүректен алғыс айтты. Бала бұған дейін үйден өз еркімен кетпеген. Жасөспірімнің іс-әрекетіне себеп болған жағдайларды кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі мамандар анықтап жатыр. Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері ата-анамен және баламен түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram