jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Эльмира Асқарқызы
Аға журналист

Алматыда автобус асфальт жабыны ойылған жерге түсіп кетті

автобус
Автобус. Фото: threads.com/@dirio__n

Алматыда асфальт ойылып, оған автобус түсіп кетті. Оқиға орнында түсірілген фото желіде пайда болды. "Алматыэлектротранс" жағдайға қатысты түсінік берді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Threads желісінде жарияланған кадрлардан №30 бағыт бойынша жүріп келе жатқан автобустың асфальттің ойылған жеріне түсіп кеткенін көруге болады. Бұл басқа жол қозғалысына қатысушыларға да қолайсыздық туғызды.

"Алматыэлектротранс" ЖШС бұл жағдай болған сәтте автопарк басшылығы ақауды жою үшін жедел түрде техникалық қызметшілерді көмекке жібергенін хабарлады.

"Сонымен қатар басқарма жол қозғалысына қатысушылардың қауіпсіз әрі кедергісіз қозғалысын қамтамасыз ету мақсатында асфальт жабыны ойылған учаскені қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу мәселесі бойынша уәкілетті органдарға тиісті сауал жіберді.

Қазіргі уақытта автобустар қалыпты режимде, бекітілген қозғалыс сызбасына сәйкес қозғалысты жүзеге асырып жатыр", - деп мәлімдеді "Алматыэлектротранс" өкілдері.

Смотреть в Threads

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram