Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Халық қалаулысы қазақстандықтардың сауатсыздығына алаңдады

Опубликовано:

Бүгiн депутат Алмас Тұртаев Премьер-министр Кәрiм Мәсiмовтiң атына жолдаған депутаттық сауалында "Ақ жол" партиясы атынан "Мәңгiлiк ел" ұлттық идеясын ұғыну тақырыбында жаппай шығарма жазуды ұсынды, деп хабарлайды BNews.kz.

Тiлдiң өмiршеңдiгi – отандық әдебиеттiң жалпыұлттық мәдениеттiң дамуымен өте тығыз байланысты. Жазу сауаттылығы, ойымызды өз деңгейiнде жеткiзiп жазу – күнделiктi өмiрдегi маңызды құрал және азаматтық интеллектуалды деңгейiнiң көрсеткiшi.

"Өкiнiшке орай, қазiргi таңда жастарымыздың арасында жазу мәдениетiнiң төмен екені байқалып қалады. Мұны әлеуметтiк желiлерде хат жазу барысында аңғарып жүрмiз. Тыныс белгiлердi былай қойғанда, кейбiр қарапайым сөздер құлаққа қалай естiлсе, солай жазылып, түсiнiксiз жаңа сөздер пайда болған. Мұндай келеңсiздiктiң алдын алу – мiндетiмiз деп бiлемiз", - дедi Тұртаев.

Халық қалаулысы адамдардың қаншалықты сауатты екендiгiн байқап, бiлiмiн одан әрi жетiлдiруге деген ынтасын күшейтуге бағытталған халықаралық жаппай диктант шарасы бiр уақытта әлемнiң 45 елiнде нәтижелi өткiзiлiп жатқанын тiлге тиек еттi.

Бұл шараға ұлты, дiнi, жасына, тұрмыстық жағдайына қарамастан, өз еркiмен түрлi адамдар, оқушылар, студенттер, шенеунiктерден бастап зейнеткерге дейiн қатысып, өзiнiң сауатын сынап, деңгейлерiн көтеріп жатыр. Осылайша, бұл шара өз елiн, тiлiн сыйлайтын миллондаған адам үшiн дәстүрге айналып, жыл сайын дамып келеді.

Мәселен, жаппай диктант жазу 2010 жылы Ресейдiң ең үздiк қоғамдық жобасы ретiнде танылып, қоғамдық байланыстарды дамыту саласындағы ұлттық сыйлықты иеленген.

"Сондай-ақ, Ресейде әр түрлi ұлттардың тiлдерiнде жалпыұлттық диктанттар өтiп тұрады. Белоруссияда 2007 жылдың 21 ақпанынан бастап Халықаралық ана тiлi күнiнде жалпыұлттық диктант жазу мемлекеттiк тiлде жүргiзiледі. Сондай-ақ, мұндай акциялар Польшада, Францияда, Украинада, Қытайда және Америка құрама штаттарында кең тараған", - деді депутат мырза.

Оның айтуынша, жаппай диктант жазу бұл – сауаттылық мәселесiне және сауатты хат жазу мәдениетiне назар аударуға шақыратын жыл сайынғы бiлiм акциясы.

"Акцияның мәнi – тiлек бiлдiрушiлердiң барлығына бiрдей өз еркiмен ақысыз диктант жазғызу. Мақсаты – адамдарға қаншалықты сауатты екендiгi туралы ойландыру және сауаттылықты арттыру үшiн ынталандыру. Жаппай диктант жазу – тұтунышылардың мәдениеттен шыққан стериотиптi бұзуға және сауаттылықты арттыруға шақырады. Бұл акция – отансүйгiштiкке тәрбиелеу элементтерiнiң бiрi және әрбiр азаматымыздың өзiне, болашағына қажеттi, өте пайдалы шара.

Ресейде 2014 жылы жаппай диктанттың тақырыбы отанды сүю болды. Қоғамдық сананың маңызды құрамдас бөлiгi ретiнде отаншылдықты бағалау – қоғамның мемлекеттiк рухани және мәдени негiздерiнiң дамуының алғышарты.

Елбасының "Қазақстан жолы 2050: бiр мақсат, бiр мүдде, бiр болашақ" атты халыққа Жолдауында айқындалған "Мәңгiлiк ел" – бұл барлығымызға ортақ шаңырағымыздың ортақ идеясы, бiздiң бабалардың арманы. Егемендi дамудың 22 жылында барша қазақстандықтарды бiрiктiретiн, ел болашағының iргетасын қалаған басты құндылықтар жасалды.

"Жаңа қазақстандық патриотизмнiң идеялық негiзi осы мемлекет құраушы жалпыұлттық құндылықтарда жатыр. Осындай акцияны өткiзу тiлдiң негiзгi мәселесi, тiлдiң дамуы мен қызмет етуi бойынша өзектi мемлекеттiк жобаны жүзеге асыратын шешiмдердiң бiрi болар едi", - деп атап өттi Тұртаев.

Осындай пiкiрiн бiлдiрген мәжiлiсмен "Ақ жол" партиясы атынан "мемлекеттiк тiлде және азаматтарымыздың өзiне жақын тiлiнде жаппай диктант шарасы "Мәңгiлiк ел" ұлттық идеясын ұғыну тақырыбында шығарма жазу түрiнде мемлекеттiк деңгейде ұйымдастыру мен өткiзуді және жауаптыларды бекiтiп, бұл шараны барлық қалалар, елдi-мекендер, барлық деңгейдегi оқу орындарын қамтып, керектi құрал-жабдықтармен қамтуға ықпал етуді сұрады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/313521-halyk-kalaulysy-kazakstandyktardyn-sauatsyzdygyna-alandady/

pixel