Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыдағы "Алтын Орда" базарының бір қатары көріпкелдер мен емшілердің ордасына айналды (фото)

Жарияланған күні:

Алматыдағы "Алтын Орда" базарының бір қатары толықтай көріпкелдер мен емшілердің кісі қабылдайтын ортасына айналған деп хабарлайды NUR.KZ тілшісі.

Белгілі базардың бір қатары толықтай түрлі жолдармен ем жүргізетін кісілерге жалға берілген. Олар базар аралауға келген кісілерге өз қабілеттерін айтып, оларды алда не күтіп тұрғанын, басы ауырып, бауыры сыздайтынын болжап, өздеріне сендіруге тырысады.

Әрине, базар ішіндегі мұндай былықтарды түсіруге күзетшілер мүмкіндік бермейді. Бұл суреттердің бәрі дерлік жасырын түсірілген.

Базарда сауда-саттық жасаумен айналысатын кісілер, өздерін тегін адам санамайтын көрікпелдердің өзара "клиентке" таласып жиі төбелесіп тұратынын айтады.

Ондай айқайдың шет-жағасын "Бақсы іздеген" түсіру тобы да байқап қалды. Мына суреттегі адам қарап жатқан әйел кісі бір бойжеткенге болашағын болжап тұр.

Жұмыс барысында емшінің ұялы телефоны шырылдап қалды. Емін бөле сала қоңырау шалушымен сөйлескен әйел, тұтқаның арғы жағындағы адамға кей ер адамдар біле бермейтін балағат сөздерді жаудырды.

Ұрысып болған соң, "Бісіміләсін" айтып, жұмысын жалғастыра берді.

Өзін Құдайдың елшісімін деген кісінің әрекеті айтқан әңгімелеріне мүлде керағар шықты.

Ал, емдеу заттарын ғана көрсете алатынын айтып, суретке түсуден бас тартқан емші Жайдаркүл алғашында өзі жайлы әдеміәрі сыпайы ұзақ әңгіме айтты.

Өзімен сөйлесіп біткен соң басқа емшінің қасына барып тұрғанымызда артымыздан келіп, балағат сөздерді жаудырды. Айтатыны "Менен басқа ешкімге емделуші болма".

Себебі өзі жарнамасында жазғандай барлық емді жасайды екен.

Жайдаркүл емші өзінің емделушілерін түрлі баптар мен әулиелердің басына апарып, тілек ниеттерін айтқызып, зиярат еткізіп келеді екен.

Емші Жайдаркүлдің адамдарды "емдеуге" арналған заттары, кезекке жазылып қойған адамдар мен емделіп біткен соң "клиенттері" тілек жазып кететін "кітапшасы".

Өзін Қабанбайдың, Арыстан баптың ұрпағы, түрлі әулие-әмбилерден бәте алған көріпкел санайтын емші. Кейде базарды басына көтеріп айқайға басады екен. Себебін сұрасақ, "әруақ қысады" екен.

Емшілердің бәрінің айтары бір біріне ұқсап кетеді екен. Олардың айтатыны "Ақшаң барда, досың көп болыпты", "Қиын шақта туысыңа дейін сені елемепті", "Қиындықты өз күшіңмен жеңесің", "Сен садақа беруің керек", "Әруақтар сенен дәмелі, орындасаң жолың ашылады" деген сынды жаттанды сөздер.

Айта кетсек, емшілердің қатарында әр қайсысын сөзге тартып жүргенімізді байқап қалған базар әкімшілігінің өкілдері, шығып кетуімізді талап етті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/330758-almatydagy-altyn-orda-bazarynyn-bir-katary-koripkelder-men-emshilerdin-ordasyna-ajnaldy-foto/