jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
ЖЖ
Жанар Жансеит
Бұрынғы қызметкер

СҚО-да соңғы 10 жылда халық саны 100 мың адамға азайған

: UGC

Еліміздің Солтүстік өңіріндегі халық саны күрт азайып барады. Бұл өзекті мәселе сарапшылардан бөлек, Үкіметті де алаңдатып отырғаны рас. Бір ғана Солтүстік Қазақстан облысының халқы он жылда 100 мың адамға азайған.

Тұрғындардың басым бөлігінің таңдауы Ресейдің Омбы, Қорған облыстары мен Астана мен Алматы қалаларына түсіпті.

"Тіпті өңірдегі нәресте өлімі былтырғы жылмен салыстырғанда он пайызға азайғанымен, бұл көрсеткіш халық санының өсуіне әсер ете алмапты", - дейді СҚО Статистика департаменті әлеуметтік және демографиялық статистика басқармасының басшысы Саида Абдулхакимова.

2004 жылы халық саны - 674,5 мың адам

2009 жылы халық саны - 597,5 мың адам

2014 жылы халық саны - 572,9 мың адам

Соңғы 10 жылда СҚО тұрғындарының саны 100 мыңға азайды. Облыс немесе аудан орталықтарынан шалғайда жатқан ауылдардың құрып бара жатқаны Республика деңгейіндегі өзекті мәселеге айналды.

Қазіргі деректер бойынша Солтүстік Қазақстанда ауыл халқының саны азайып бара жатыр. Ауыл тұрғындарының салмақ үлесі - шамамен елу жеті пайызды құрады. 

Бұл сандар тек Солтүстік Қазақстан облысының емес, басқа да солтүстіктегі өңірлердің дамуына үлкен әсер ететіні сөзсіз. Өйткені көшіп кетіп жатқан халықтың көбі 20 мен 60 жас аралығындағылар. Яғни, өңірінің дамуына үлес қосуға мүмкіндігі барлар.

СҚО-да соңғы 10 жылда халық саны 100 мың адамға азайған

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.