Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанға футболдан әлем чемпионатын өткізу қандай пайда әкеледі?

Опубликовано:

Қазақстан 2026 жылғы футболдан Әлем чемпионатын өткізуге дәмелі. Алайда, сарапшылар бұл ұсыныстың ФИФА тарапынан елене қоюы екіталай десе, экономист маман футбол чемпионаты табыс көзі емес дегенді айтты.

Бұл туралы Таң телеарнасы хабарлайды.

Универсиада, Экспо, Олимпиада. Оның жанына футболдан әлем чемпионатын қосып қойыңыз. Қазақстан футболын 7 жыл бойы басқарып, ақыры қызметін өз еркімен босатқан Әділбек Жақсыбеков жәй кетпей, қоғамды елең еткізер жаңалығын айта кетті.

Ол 2026 жылы Қазақстан футболдан әлем чемпионатын өткізуге, өтінішін білдіруге ниетті екенін жаһанға жария етті. Ал, сарапшылар Жақсыбековтың бұл сөзін жақсылыққа балап жатқан жоқ.

Қазіргі таңда Қазақстанның мәртебесі әлем алдында үлкен деңгейде. Сондықтан біз ірі спорттық сайыстарға дайын болуымыз керек деп санаймын.

"Қазіргі таңда Қазақстанның мәртебесі әлем алдында үлкен деңгейде.Сондықтан біз ірі спорттық сайыстарға дайын болуымыз керек деп санаймын. Алдағы уақытта бізді 2017 жылы Астанада футболдан Уефа суперкубогы мен 2019 жылы жастар арасындағы әлем чемпионаты күтіп тұр. Содан кейін 2026 жылы футболдан әлем чемпионатын елімізде өткізу мүмкіндіктері жөнінде келіссөздер жүргізіліп жатыр", - деген болатын Әділбек Жақсыбеков.

2026 жылға дейінгі әлем чемпионаттарының қай жерде өтетіні белгілі. 2018 жылы көршілес Ресейде, ал 2022 жылы доданы Катар қабылдайды. Ал одан кейінгі біріншілікті өткізуге Колумбия, Мексика, Канада және АҚШ елдері өтінішін білдірген еді.

Ал, спорт шолушылары Қазақстан әлем чемпионатын өткізуге алда –жалда үміткер бола қалса, оны ұтып алуы неғайбыл дейді. Өйткені әлем чемпионатын өткізу құқығы бүгінде әр құрлыққа кезекпен біріліп жүр.

Бізде керек болса еуро кубоктар еліміздің әр өңірінде өткізуге келмейді. Қайдағы әлем чемпионаты? Оған қоса,  біздің елде сапаға сай стадиондар жоқ, қонақүйлер, жолдар да дұрыс емес.

"Бізде керек болса еуро кубоктар еліміздің әр өңірінде өткізуге келмейді. Қайдағы әлем чемпионаты? Оған қоса,  біздің елде сапаға сай стадиондар жоқ, қонақүйлер, жолдар да дұрыс емес. Елімізде әлем чемпионаты кем дегенде елу жылдан  жақын арада өтпейді", - дейді спорт комментаторы Сергей Райлян.

Сонымен қатар, бұл әлем чемпионатын өткізу құқығы бүгінде әр құрлық кезекпен алады. Ал спорт шолушысы Рауан Оқас Қазақстанда футболдан әлем чемпионаты өтеді дегенге сенбейді.

"Өз басым сенбеймін ондайға. Оған өтініш беретіндей біз ондай деңгейге жеткен жоқпыз. Біз футболда "Карликпіз" яғни ең нашар команда біздің ел Қазақстан. Ол үшін футболымыз орта деңгейде болу керек", - дейді ол.

Біз футболда "Карликпіз" яғни ең нашар команда біздің ел Қазақстан. Ол үшін футболымыз орта деңгейде болу керек.

Футболдан әлем чемпионатын Қазақстанда өткізу идеясын саясаттанушы Досым Сәтбаев мүлдем құптамайды. Айтуынша, мемлекет қыруар қаражатты тағы да желге ұшырмақ екен.

"Елімізде бюджет қысқартылып, қараша халық күйбің тіршілік көріп жатқанда қайдағы әлем чемпионаты? Ақша құнсызданып, елде жыртықтарын жамауға жарымай жүргендер де жоқ емес. Сондықтан жоғардағы шенділер қарапайым адамдарды ойлау керек. Солармен санасу керек", - дейді Досым Сәтбаев.

Айта кету керек,  Әділбек Жақсыбеков 2017 жылы Астанада футболдан УЕФА суперкубогі  мен 2019 жылы жастар арасындағы әлем чемпионатын өткізуге Қазақстанның мүмкіндігі мол екенін айтты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/345636-kazakstanga-futboldan-elem-chempionatyn-otkizu-kandaj-pajda-ekeledi/

pixel