Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жаңа жыл мерекесі Қазақстанда тойлануы керек пе?

Опубликовано:

Кеңес өкіметінен бері тойланып келе жатқан дәстүрлі Жаңа жыл мерекесіне қарсы қазақстандықтар көбейді. Әсіресе, дін жолындағы азаматтар Жаңа жылды қарсы алуды күнә деп санайды.

Мәселен, бірер жыл бұрын дін жолына түскен алматылық Мейрамгүл Сарқұлова қазір Жаңа жыл мерекесінде дастархан жайып, қонақ күтпейді. Ол "бұл діни сеніміме қайшы" дейді. Мейрамгүлдің пікірінше, Жаңа жыл – христиандардың діни мерекесі. Мейрамгүл "мұсылмандар күнтізбесінің  христиандар күнтізбесінен айырмашылығы бар – ай күнтізбені қолданатын мұсылмандар жыл санауды Мұхаммед пайғамбардың Меккеден Мединаға қоныс аударған күннен бастайды. Ал христиандардың жыл санауы Иисус Христос пайғамбардың туған күнінен басталады.  Христосты Құранда жазылғандай, "Иса пайғамбар" деп атаған Мейрамгүл  "исламның негізгі мерекесі - Құрбан айт пен Ораза айт" дейді.

"Мұсылмандардың жаңа жылы  хижраның ай күнтізбесінен басталады.  Жаңа жылды мұсылмандар ерекше атап өтпейді. Бұл күні мешіттерде уағыздар оқылып, ислам дінін ұстанатын жандарға кешкісін ғибадата жасап, дұға оқу аманатталған", - дейді Мейрамгүл Сарқұлова.

Мейрамгүл сияқты ислам діні өкілдерінен бөлек, желтоқсанның 31-і күні Жаңа жылды Иегово куәгерлерінің көбі тойламайды.

Қазақстандағы православие шіркеуінің қоғам мен шіркеудің өзара қатынасы жөніндегі бөлім төрағасы протоиерей Александр Суворов Азаттық тілшісінің "Жаңа жыл шынымен христиан діні мен совет үкіметінің ықпалымен енгізілген мереке ме?" деген сұрағына қатысты комментарий берді.

"Жаңа жыл – діни мейрам емес,  православие дініне ешқандай қатысы жоқ мереке. Октябрь революциясынан кейін Рождество мерекесіне тыйым салынып, шырша мерекесін өткізуге Сталин 1936 жылы ғана рұқсат етті. Кейін біртіндеп  Жаңа жыл мерекесіне ұласты. Жаңа жыл мерекесінің ажырамас нышаны болып саналатын рождестволық шыршаға қатысты бейтарап көзқарас ұстанамыз, бірақ бәріміз азаматтық қоғам мүшесіміз. Сондықтан Жаңа жыл – зайырлы сипаты бар мереке", - дейді протоиерей Александр Суворов.Тарих ғылымдарының докторы, теолог Гүлмайра Омарова Қазақстанда Жаңа жыл мейрамы отбасылық мерекеге айналып кеткен деп санайды. Оның айтуынша, Жаңа жылды әр адам діни нанымына қарай атап өтеді, бұл күнді мерекелеуге ешкім мәжбүрлемейді.

Гүлмайра Омарова "Қазір діни ағым көп, Қазақстанда Жаңа жылды ғана емес, кейбір зайырлы құбылыстарды елемейтін діни азшылық өкілдері де бар. Мысалы, олар балаларына музыкамен шұғылдануға, екпе жасатуға, кешкі сағат жетіден кейін көшеге шығуға, қыздардың тізеден жоғары юбка киюіне рұқсат бермейді", - дейді.

Қазақстанда күн мен түннің теңесетін күн - Наурызды тойлау дәстүрі өрістеп келеді. Шығыс халықтарының Наурыз мерекесі мұсылмандықты қабылдаудан көп бұрын пайда болған.

Наурызды мол дастарханмен қарсы алған  шаңырақта бір жыл бойы береке-молшылық болады деген наным бар.Елдегі кейбір этникалық және діни азшылық өкілдері өз жаңа жылдарын жиі атап өтеді. Мысалы, Қазақстанның кейбір иудейлері Жаңа жылды иудей күнтізбесі бойынша қыркүйектің аяғында тойлайды. Мерекені рухани көсем зиратының басында қарсы алу жақсы ырым болып есептеледі. Олар Израильдегі  Зәйтүн тауына барып, зиярат етеді. Биыл иудейлер 5775 Жаңа жылды атап өтеді.Қазақстан кәрістері де өздерінің ұлттық салт-дәстүрлерін жаңғырта бастады. Олар Жаңа жыл мейрамы - Соллаль мерекесін ақпан айының басында қарсы алады. Кәріс отбасында  Жаңа жылды мерекелеу рәсімдері ата-баба аруағына құрбандық шалу мен зиратына тағзым етуден басталады.Қазір Қазақстанда 7 қаңтар – православие рождествосы, 21-23 наурыз – Наурыз мейрамы, Құрбан айттың алғашқы күні (биыл қазанның 4-іне сәйкес келді) мереке және демалыс күндері болып бекітілген.Қазіргі Қазақстанда жұртшылық Жаңа жылды тек 31 желтоқсанда ғана атап өтпейді. Елде бірнеше Жаңа жыл мерекесі бар деуге болады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/347327-zhana-zhyl-merekesi-kazakstanda-tojlanuy-kerek-pe/

pixel