jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
ЖЖ
Жанар Жансеит
Бұрынғы қызметкер

Алматылық студент қазақ тіліндегі қате жарнамаларды тегін түзетуде

: UGC

Алматылық студент Думан Низамбек қазақ тіліне қате аударылған жарнамаларды тегін түзетумен айналысып жүр деп жазады Замана басылымы.

Мәтіні мынадай: "Перевожу рекламные текс­ты на казахский язык. Бесплатно. Качественно. Просто надоели кривые и издевательские переводы на государственный язык".

"Шынын айту керек, дағдарыс кезеңінде, қымбатшылық қыспаққа алған заманда біреуге ақысыз қызмет көрсететін адамды кездестіру оңай емес. Сондықтан біз Думанның өзімен хабарласып, мұндай қадам­ға баруына ненің түрткі болғанын сұрадық", - дейді басылым.

"Мені тілімнің келешегі, қатар-құрбыларымның өзге тілде шүлдірлеп жүргендігі қатты алаңдатады. Өзім әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті филология факультетінің (ағылшын тілі) 3-ші курс студен­тімін. Алматыда туылып, осы қалада білім алып жатқандықтан қаланың көркі мен тазалығы мен үшін де аса маңызды. Өкінішке қарай, қаламыздың сәнін де, мәнін де жарымжан жарнамалар бұзып тұр. Қазақ тіліне түсініксіз аударылған мәтіндерді көрген сайын оны түзету жолдарын ойлайтынмын", - дейді Думан.

Ол бірде өзіне жарымжан жарнаманы жап-жақсы жарнама арқылы дұрыстау туралы ой келгенін айтды.

"Көп ойланбастан, өзім күн сайын жүретін көшелердегі аялдамаларға тегін аударма жасайтынымды жарнамалай бастадым. Хабарласушылар өте көп. Бірі тілге деген жанашырлығым үшін алғысын білдірсе, енді бірі көмек сұрауда. Ең бастысы, менің жарнамам жұртқа қоз­ғау болды, ендігі жерде шұрайлы тілімізге мұрын шүйіре қарайтындар ойланар деген үміттемін", - дейді студент.

Алматылық студент қазақ тіліндегі қате жарнамаларды тегін түзетуде

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.